Қаңтарда ұрланған қару-жарақтар Жетісудағы зират маңынан табылды

560

Алматыда ұрланған қаруды полицейлер Жетісу облысындағы зираттың маңынан тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаңтарда ұрланған қару-жарақтар Жетісудағы зират маңынан табылды

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қарашаның 11-і күні Жетісу облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ІІД-нің көмегімен Көксу ауданындағы Мұқыры асуы маңында жасырылған қару қоймасын анықтады.

Атап айтқанда, ол жерден екі ойық ұңғылы қару мен әртүрлі қару-жарақтың 300-ден аса оқ-дәрісі, сондай-ақ оқ өткізбейтін кеудешелер табылды. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған карабиндер мен оқ-дәрілердің қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы қару сататын дүкендердің бірінен ұрланғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде. Қазір тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу