Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд 434 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді

510

Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд 434 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді 

Қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд 434 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді

Қайғылы қаңтарда кезінде зардап шеккен 614 азаматқа жалпы сомасы 2 млрд 434 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан халқына" қорына сілтеме жасап.

Кездейсоқ қаза тапқан 145 азаматтың отбасына - 1 млрд 15 млн теңге.

Кездейсоқ қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға – 262 млн теңге.

Атыс қаруынан жарақат алған және жәбірленуші деп танылған кәмелетке толған 202 азаматқа – 606 млн теңге.

Жарақат алған 13 баланың отбасына – 39 млн теңге.

Қаза тапқан 19 әскери қызметшінің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне – 133 млн теңге.

Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметкерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 333 млн теңге.

Қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға – 46 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу