"Қаңтардағы қайғылы оқиғалар шекаралық аймақтарды дамытудың маңызын көрсетті"

990

Сенатор Ольга Булавкина еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында шекара маңындағы аумақтарды дамыту проблемалары туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Қаңтардағы қайғылы оқиғалар шекаралық аймақтарды дамытудың маңызын көрсетті"

Депутат қаңтардағы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, бұл мәселені шешудің аса маңызды екеніне Министрлер кабинеті басшысының назарын аударды. Ол сондай-ақ сенаторлар Үкіметке осындай проблемалық мәселелердің тізімін ғана емес, оларды шешу жөніндегі нақты ұсыныстарды бірнеше рет жібергенін де атап өтті. 

Ольга Булавкинаның айтуынша, шекаралас аумақтарда 1,5 миллионнан астам адам тұрады және бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келеді. Оған мектептер мен балабақшалардың жабылуы, агроөнеркәсіп кешенінің кенжелеп қалуы, кәсіпкерлік әлеуеттің, инфрақұрылым мен тұрғын үйдің болмауы себеп болып отыр.

Ольга Булавкина Сенат депутаттарымен бірлесе отырып, жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар мен қандастарға шекара маңындағы аумақтардың тартымдылығын күшейту мақсатында оларға тұрғын үй сатып алу мен жалға алуға субсидияны ұлғайтуды, сондай-ақ оларға материалдық көмек мөлшерін отбасы мүшелерінің санына қарай 30-38 АЕК-ке дейін ұлғайтуды ұсынды. Сонымен қатар қоныс аударушылар үшін жаңа тұрғын үй салуға және қолданыстағы ғимараттарды тұрғын үйге қайта жаңартуға арналған шығыстарды жұмыс берушілердің өтеуі де ұсынылып отыр. 

"Біріншіден, тиісті аумақтарда өңірлерді дамыту аясында қызмет атқаратын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдіктері мен преференцияларды қолдану керек, ол шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді және еркін экономикалық аймақтар үлгісі бойынша стартаптарды іске асыруға серпін береді. Екінші, 2%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несие беруді пайдалану. Үшіншіден, еңбек өтілінің есептелуін 1,5-ке  арттыру коэффициентін енгізу, бұл еңбек күші артық өңірлерден еңбекке қабілетті қоныс аударушылардың қосымша ағынын тартуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған барлық шаралар шекара маңындағы аумақтарды дамытуға ынталандырады, еңбек ресурсының аумақтық ұтқырлығын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджет қаржысын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді", – деп атап өтті сенатор Ольга Булавкина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу