Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Дикий Арманды ҰҚК кураторы қадағалаған - Бас прокуратура

Ол жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруы тиіс еді. 

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Дикий Арманды ҰҚК кураторы қадағалаған - Бас прокуратура Фото: google

Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК қызметкерінің келісімімен әрекет етті. Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс отырысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оған тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке біртұтас ультиматум талаптарын қою үшін "халық кеңесін" құру міндеті жүктелді. Бұл ретте оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсенді түрде көмектесті. "Қазақстан" қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген қарақшыларға Махатов қару берген", – деді Берік Асылов.

Олар жаппай наразылықтарды басқара алмады. Адамдар олардың соңынан ерген жоқ, деп қосты Асылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу