Қаңтардағы ҰБТ: Екі аптада 79 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

115

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаңтардағы ҰБТ: Екі аптада 79 мыңнан астам талапкер тест тапсырды Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның екі аптасында 79 мыңнан астам адам тест тапсырды. Шекті балды 70%-ға жуық талапкер жинады. 

Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 65 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны екі оқушы жинады.

Тестке қатысушылардың 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 46 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің басым бөлігі, 16,9%-дан "Математика-Физика" және "Биология-Химия" пәндер комбинациясын тапсырды. 10,3%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 105 адам тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 203 талапкер қатысты.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазіргі таңда 111 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 70 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу