Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін Президент алдына кіріп, осындай мәлімдеме жасады. Қазір отандық екпенің 2 млн дозасын шығаруға өндіріске тапсырыс берілген. Оған жасалған екінші клиникалық сынақ 29-шы қарашада аяқталыпты. Енді наурызға дейін үшіншісі өткізіледі. Сондай-ақ, Үкімет 22-ші желтоқсаннан бастап, ресейлік "Спутник V" екпесін де Қазақстанда шығаруға ұйғарым жасаған.
Вакцинаны бірінші болып инфекция ошағында жүрген мамандар, яғни дәрігерлер, полиция және мұғалімдер алады. Сондай-ақ, әлеуметтік санаттағы азаматтарға да салынады. Ескеретін жайт - мұнда мәжбүрлеу болмайды. Тек әркімнің жеке қалауымен жүргізіледі.