Қаңтардан бері ел экономикасының өсу қарқыны жеделдеді – Әлібек Қуантыров

752

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың қаңтардан наурызға дейінгі қорытындысы туралы үкімет отырысында баяндама оқыды. Министрдің есебіне қарағанда барлық салада "өсім бар", деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қаңтардан бері ел экономикасының өсу қарқыны жеделдеді – Әлібек Қуантыров

"Қаңтар-наурызда ел экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ке дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалып отыр", – деп сендіреді Қуантыров. 

Оның келтірген мәліметіне қарағанда, салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу