"Қаңтардан кейін ашылып жатыр ғой" – QazaqGaz басшысы заң бұзушылықтар туралы пікір білдірді

703

Газ саласында анықталған делдалдық схемалар мен заң бұзушылықтар қай кездерде болды және оған кім кінәлі? 

"Қаңтардан кейін ашылып жатыр ғой" – QazaqGaz басшысы заң бұзушылықтар туралы пікір білдірді

QazaqGaz компаниясының басшысы Санжар Жаркешов бұл сұраққа жауап бере алмады. 

"Енді оны бәлен деп айту қиын. Қаншама жылда газ саласында қаншама өзгеріс болды, әртүрлі адамдар келді. Солай қалыптасып қалған ғой. Қаңтар оқиғасынан кейін көп нәрсе ашылып жатыр ғой", – деді ол Мәжіліс кулуарында журналистерге. 

Жаркешов бұдан бұрын мәжілісте өткен үкімет сағатында  937 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық бұзушылықтар табылғанын айтқан.

"Оның ішінен 123 млрд теңгені құқық қорғау органдары анықтады", – деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу