Қантқа салық салынбайды

1230

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер құмшекердің құнын қымбаттатпаудың амалын қарастырып жатыр. 

Қантқа салық салынбайды

Бұл үшін ЕАЭО елдері қантты баж салығынан босататын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Келіссөз нәтижесінде 2021 жылғы 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында ел аумағына қант алып кіруге баж салығын салмауға қатысты тарифтік жеңілдік бекітілді.
Сәйкесінше Қазақстанға – 134,4 мың, Арменияға – 22,4 мың, Қырғызстанға –  40 мың, Ресейге – 350 мың тоннадан аспайтын көлемде импортталған қантқа кедендік баж салығы салынбайды.

Бұл шара қант бағасының шарықтап кетпеуіне жағдай жасайды.

Айта кетейік, шілде айында ЕАЭО аясында қант бағасын ұстап тұруға қосымша шара қабылдануы мүмкін.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу