"Қантөгіске ұласуы мүмкін" деп мәлімдеме жасаған жаркенттік таксистер кешірім сұрады

1254

Жаркент қаласындағы бір топ көлік жүргізушілер қалаға сырттан келіп кісі таситындарды кіргізбейтінін, "арты қантөгіске ұласуы мүмкін" екендігін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Қантөгіске ұласуы мүмкін" деп мәлімдеме жасаған жаркенттік таксистер кешірім сұрады Фото: facebook/nurik.khanagat

Қалада адам тасып, жұмыс істейтін айтқан такси қызметінің өкілдері жұмыстарының тоқтап қалғандығын, осы себепті сырттан келіп жұмыс істейтіндерге қатаң ескерту жасап отырғанын айтты.

"Жаркент қаласының таксистері алыстан келген, қонаққа келген қандастар тек қана туған-туыстарыңды әкетесіңдер. Туысым, бауырым дегендерге келуге рұқсат жоқ. Адам алуға болмайды. Өйткені Жаркентте халықтың 70 пайызы таксимен күн көріп, кісі тасымалдайды. Ертең реніш болмасын, қантөгіске дейін баруы мүмкін. 3 күн болды, жолға шыға алмай қалдық. Кредиттеріміз бар. Сырттан келіп адам алуға жол бере алмаймыз. Дұрыс жағынан түсініңіздер, келешекте келмеулеріңізді сұраймыз", - дейді олар.

Әлеуметтік желілерде аталған видео ролик кең тарап кеткен соң, аудандық полиция бөлімі жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

"Қазір Қорғас бекетінде адам қарасы көп. Бері де ары да өтіп жатқан жүргінші қандастар саны артуда. Сол себепті Жаркент қаласының вокзал аумағында такси қызметі жүріп тұр. Туыстарын өздері күтіп алғай келген сырттағы жүргізушілерге жергілікті таксистер нанымызға ортақтасты деп наразылық танытқан. Тіпті "қан төгіледі" деп артық айтқан болатын. Бүгін аудандық полиция бөліміне жүргізуші азаматтарды шақырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жігіттер айбын мойындап кешірім видеосын жариялады", - деп хабарлады жергілікті блогер Нұрбол Ханағат.

Артынша көлік жүргізушілері көпшіліктен кешірім сұрады.

"Эмоцияға беріліп, бейнежазбада артық кеткен жеріміз болса дұрыс түсініңіздер, айып етпеңіздер", - деді көлік жүргізушілері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу