Бұл туралы Ұлыбританияның The Telegraph басылымы жазып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Десе де, бұл ақпарат БАҚ-та енді ғана жария болды.
Осылайша, Сауд Арабиясы король әулетінің мүшесі, 30 жасқа енді толатын ханзада Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Джалави әл-Сауд Лондондағы қонақүй бөлмесінде жан тапсырған болуы мүмкін.
Сараптама қорытындысына сай, ханзаданың қанындағы алкоголь мөлшері көлік жүргізушілері үшін рұқсат етілген деңгейден шамамен үш есе жоғары болып шықты. Сонымен қатар, ағзасынан гамма-гидроксибутират (GHB), каннабис және ксанакс препараттарының іздері анықталған.
Мамандар ханзадада созылмалы аурулар болмағанын алға тартады. Өлімге алкоголь мен есірткі заттарының өзара әсерінен туындаған жүрек қызметінің тоқтауы себеп болған көрінеді.
Бір анығы, қайғылы оқиғадан 3 ай бұрын ол Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдаған. Басты себебі – алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арылу.