"KAP Logistics" қызметкерлеріне жаңа конституция жобасы түсіндірілді

148

Астанада "Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының өкілдері "KAP Logistics" компаниясының қызметкерлерімен кездесті.   

"KAP Logistics" қызметкерлеріне жаңа конституция жобасы түсіндірілді Фото: CAP Logistics

Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, оның қоғам дамуына әсері талқыланды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты сұрақтарын қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктері де сөз болды. Жоба аясында қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту үшін Халық кеңесін құру ұсынылған. Бұл кеңес құрамына әртүрлі әлеуметтік топ өкілдері кіріп, заңнамалық бастамалар ұсыну құқығына ие болады.

Мамандардың айтуынша, мұндай тетік қоғамдық диалогты күшейтіп, маңызды мәселелерді ашық талқылауға жол ашады. Кездесу барысында мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу