Қазақстан 1,5 млрд долларлық еврооблигация шығарды

214

Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.   

Қазақстан 1,5 млрд долларлық еврооблигация шығарды Фото: Depositphotos.com

Жаңа еврооблигациялар Лондон қор биржасында, Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы министрлігі 1,5 млрд АҚШ долларына тең 5 жылдық мемлекеттік еврооблигацияларды халықаралық капитал нарығында табысты орналастырды.

Шығарылымның жылдық кірістілігі 4,412%, ал АҚШ қазынашылық облигацияларына қатысты спрэді 85 базистік пункт болды. Бұл – Қазақстанның еврооблигациялар тарихындағы ең төмен көрсеткіш.

Сұраныс көлемі 4,4 млрд доллардан асып, ұсыныстан бірнеше есе жоғары болды. Орналастыруға Еуропа мен АҚШ-тың ірі институттық инвесторлары, сондай-ақ Азия мен Таяу Шығыстан бұрын қатыспаған жаңа қатысушылар қосылды.

Министрлік мәліметінше, бұл көрсеткіш 2025 жылы Шығыс Еуропа, Африка және Таяу Шығыс елдері арасында ең төмен кірістілік бойынша Кувейттен кейінгі екінші орынға шықты.

Тіпті Польша, Катар және Сауд Арабиясы сияқты жоғары рейтингті елдердің көрсеткіштерінен де төмен болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу