Банктік құпия ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі

1746

Банктік құпия ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі

Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық операциялар бойынша ақпаратты ала алады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы таныстырылды.

Данияр Ақышев елден ақшаны әкету белгілері бар валюталық операциялардың тізбесін енгізуде резиденттің Қазақстандағы шоттарға ақша аудару жолымен өтеуді көздемейтін қаржылай қарызды бейрезидентке беруі, бейрезиденттің Қазақстандағы шоттарға ақша аударуды көздемейтін қаржылай қарызды резидентке беруі, резиденттің үлестес емес бейрезидентке 720 күннен асатын мерзімге пайызсыз қаржылай қарызды беруі, репатриациялау мерзімі 720 күннен асатын экспортқа немесе импортқа ақы төлеу операциялары көзделген деп атап өтті.

"Банктер мұндай операцияларды резидент ақпаратты валюталық бақылау органдарына беруге рұқсат берген кезде ғана жүзеге асырады", - деді Данияр Ақышев.

"Ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелеріне неге ерекше назар аударылады? Себебі капиталдың әкетілуін бақылауды заңның номаларымен ғана қамтамасыз ету мүмкін емес. Капиталды әкету заңсыз жолмен немесе заңды мәмілелер арқылы жасыра отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Тікелей шектеу шаралары адал кәсіпкерлер үшін инвестициялық ахуалды және бизнес жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл сондай-ақ нарықтық экономикаға тән емес", - деп атап өтті Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысы мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты қолданыстағы және тиімді ақпарат алмасу әртүрлі мемлекеттік органдарға түсетін бірдей мәміле бойынша дәйексіз мәліметтерді анықтауға мүмкіндік беретіндігін түсіндірді.

"Сондықтан заң жобасында валюталық операциялар бойынша банктік құпия қамтылған ақпаратты мемлекеттік кірістер комитетіне беру құқығы көзделеді", - деп қорытындылады Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу