Капитолий: АҚШ-тың тағы бір министрі отставкаға кетті

737

Бұған дейін бірнеше лауазымды тұлға осындай шешім қабылдаған еді.

Капитолий: АҚШ-тың тағы бір министрі отставкаға кетті Фото: reuters.com

АҚШ-тың Білім министрі Бетси ДеВос Капитолийге жасалған шабуылдан кейін отставкаға кетті. Бұл туралы Wall Street Journal басылымы хабарлады.
ДеВос – Вашингтондағы тәртіпсіздіктерден кейін отставкаға кеткен екінші министр. Бұған дейін көлік министрі Элейн Чао қызметінен кету туралы шешім қабылдаған болатын. 

Құрама Штаттар астанасындағы тәртіпсіздіктерден соң Трамптың Ресей мен Еуразия жөніндегі кеңесшісі Райан Тулли және президент әкімшілігінің тағы төрт қызметкері отставкаға кеткен еді. Олардың қатарында бірінші ханым аппаратының басшысы Стефани Гришэм, баспасөз хатшысының орынбасары Сара Мэттьюс және хаттамалық мәселелер жөніндегі хатшы Рики Ничета бар.

6 қаңтарда Трамптың жақтастары Конгрестің сайлау нәтижесін мақұлдау процесіне кедергі келтіріп, Капитолийге баса-көктеп кірген еді. Бассыздық салдарынан бес адам, оның ішінде бір полиция қызметкері қаза тапты. Ондаған адам қамауға алынды.

7 қаңтарда Конгресс өз жұмысын  жалғастырып, Байденнің жеңіске жеткенін мақұлдады.

8 қаңтарда Ақ үй басшысы Дональд Трамп Twitter-ге оралып, билікті Джозеф Байденге тапсыратынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу