Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссия оң қорытынды берді, деп жазды inbusiness.kz.
Жақын арада тиісті құжат дайындалып, заңға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданады.
Еске сала кетсек, Президент Қазақстан халқына Жолдауында бұл бастаманы қолдаған болатын. 24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихаты Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қала атауын өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдаған болатын.
Құралай Құдайберген
Фото: eurasianet.org
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу