Қапшағай қаласында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды

995

Бұл үйлер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа алғашқы Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында берілді.

Қапшағай қаласында 15 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Қала әкімі Талғат Қайнарбеков тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұсынылған үйлер Шеңгелді ауылдық округі, Заречный ауылдық округі және Қапшағайдың өзінен жергілікті бюджет және меценаттар тарапынан сатып алынған.

Айта кету керек, Қапшағай қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 356 көпбалалы отбасының жағдайы тұрақты назарда. Өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жыл соңына дейін тағы 4 отбасыға пәтер кілті табысталмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу