Қапшағай су қоймасынан 20 шақырым заңсыз орнатылған торлар алынды

182

Іс-шараға 53 су көлігі мен 15 автокөлік тартылды. 

Қапшағай су қоймасынан 20 шақырым заңсыз орнатылған торлар алынды Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР Балық шаруашылығы комитеті Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының үйлестіруімен Қапшағай су қоймасында "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған акцияның мақсаты – су айдынын заңсыз орнатылған және қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан тазарту арқылы балық ресурстарының табиғи уылдырық шашуына және уылдырық шашу орындарына еркін көшуіне қолайлы жағдай жасау.

Акцияға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері, ТЖД, Алматы облысы әкімдігінің мамандары, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері мен "Алматы қайық шеберлері" тобының еріктілері – барлығы 115 адам қатысты.

Нәтижесінде 20 шақырымнан астам заңсыз орнатылған балық аулау құралдары алынды.

Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында "Таза су айдындары" табиғатты қорғау акциясы биылғы жылдың наурыз айынан маусым айына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу