Қапшағай су қоймасындағы адам қазасы: Қонаев қаласында сот үкімі шықты

138

Айыпталушы сот залында қамауға алынды.  

Қапшағай су қоймасындағы адам қазасы: Қонаев қаласында сот үкімі шықты Фото: pixabay.com

Қонаев қаласының соты Қапшағай су қоймасында демалушының қаза табуына байланысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Т. есімді азамат, катерді басқарып су көлігі қауіпсіздігін өрескел бұзып, соның салдарынан 23 жастағы ер адамның өліміне жол берген. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі бойынша сараланды.

"Тергеу барысында 2025 жылғы 2 шілдеде Т. есімді азамат катермен су қоймасының акваториясына ымырт уақытта шығып кеткені анықталды. Соның салдарынан ол шомылып жүрген азамат Б.-ны қағып кетіп, ол алған жарақаттардан қайтыс болған", – деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Мемлекеттік айыптаушы сотта Т. есімді азаматты 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен Т. есімді азаматқа 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ айыпталушы 2 жыл су көлігі саласында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу