Қапшағай су қоймасының маңындағы жекеменшік жағажайлардың көбі ресми тіркелмеген

497

Бұл туралы Үкімет басшысы айтты.

Қапшағай су қоймасының маңындағы жекеменшік жағажайлардың көбі ресми тіркелмеген Фото: Qazaqstan3D

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктерге судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетті. Одан алдыгүні 9 адам суға батып, 3 адамның денесі әлі табылған жоқ. Кеше тағы 4 адам суға батып кетті. Қайғылы жағдайдың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде орын алған. Бұл шынымен де алаңдатарлық жағдай", - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Ол бүгінгі таңда әкімдіктер тарапынан судағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі шаралар қабылданбай жатқанын атап өтті.

"Мәселен, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында осы уақытқа дейін  шомылуға рұқсат етілген  арнайы орындар белгіленбеген. Қызылорда облысында бүкіл өңір халқы үшін арнайы белгіленген 4-ақ орын бар. Сонымен қатар Алматы облысында Қапшағай су қоймасының маңындағы көптеген жекеменшік жағажайлар ресми тіркелмеген", - деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов өңір әкімдіктеріне ТЖМ-мен бірлесіп суға шомылуға арналған қауіпсіз орындарды белгілеу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. 

"Профилактикалық жұмыстар негізінен қалалар мен аудандарда ғана жүргізіледі. Ауылдық жерлерде бұған көңіл бөлінбейді. Сол себепті, суға батқандардың басым көпшілігі, яғни 60-70%-ы ауыл тұрғындары болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу