Өткен аптада тиісті зерттеулер басталған еді. "Қапшағай су қоймасындағы су балық үшін қауіпсіз. Шабақ қырылған аумақтарда ластанған су көздері табылған жоқ. Балықтың қырылуына табиғи факторлар немесе жүзу құралдарының, гидротехникалық құрылыстардың механикалық әсері болуы ықтимал" дейді мамандар. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арнайы штаб та құрылды.
"Сараптамалар нәтижесінде суда қауіпті заттар жоқтығы анықталды. Сонымен қатар алтыншы қарашада институт зоологии мамандарымен тағы да су сынамалары және тірі балық шабақтары алынды. Аталған зерттеулер екі апта ішінде дайын болуы қажет", - дейді "Балқаш-Алакөл" балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Қумашев.