Қапшағайда "банан" үлгісіндегі су аттракционы кезінде ер адам жарақат алды

357

23 жастағы жігіттің қолы сынған.  

Қапшағайда "банан" үлгісіндегі су аттракционы кезінде ер адам жарақат алды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Алматы облысы Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында ТЖМ қызметкерлері 23 жастағы ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға су қоймасының солтүстік жағалауында болған. Жедел-құтқару жасағының мамандары патрульдеу кезінде "банан" үлгісіндегі үрлемелі су аттракционынан құлап, қолын жарақаттаған азаматты байқаған.

Зардап шеккен ер адам өздігінен жағаға шыға алмаған. Құтқарушылар оны судан шығарып, жағаға жеткізді және жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ өкілдері тұрғындарды судағы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу