Халық қалаулысы жағажайдың кімге тиесілі екенін анықтап, тексеріс жүргізуді талап ететінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайғылы жағдай уақытында жағажайда қауіпсіздік қызметкерлері болмаған. Қыздың денесін судан куәгерлер алып шыққан.
– Жағалауда қауіпсіздікке жауапты ешкім болмады. Құтқарушылар, бейнебақылау камералары, құтқару құралдары және медициналық қызметкер жоқ. Су қоймасының жағасы жеке кәсіпкерлерге берілген. Қызды судан куәгерлер алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысты, – дейді Бақытжан Базарбек.
Ол жағажайлардың кімге тиесілі екенін анықтайтынын, заң талаптарын бұзғандарды жауапқа тарту үшін тексеріс жүргізуді талап ететінін ашық айтты.
Ал полиция департаменті қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
– Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер құтқару техникасының және кезекші құтқарушылардың бар-жоғын, демалыс аймағының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды, – делінген хабарламада.