Қапшағайда күшті жел салдарынан адамдар жағаға жете алмай қалды

160

Зардап шеккендер жоқ. 

Қапшағайда күшті жел салдарынан адамдар жағаға жете алмай қалды Фото: бейнежазбадан

Қонаев қаласында ауа-райы күрт нашарлап, желдің екпіні күшейіп (15-20 м/с), салдарынан Қапшағай су қоймасында толқындар көтеріліп, демалушылар қиын жағдайға тап болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оларды байдаркалар мен китбордтарда жағадан 1,5 км қашықтыққа алып кетті. Адамдар өз бетінше жағаға жете алмады.

Қапшағай акваториясының жағалау жиегін патрульдеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізген ТЖМ құтқарушылары көмекке асықты. Олар қайықтармен 32 адамды, оның ішінде 3 баланы жағалауға аман-есен жеткізді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу