Қапшағайда металл қабылдау бекетінде болған жарылыстан бір адам қаза болды

919

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. 

Қапшағайда металл қабылдау бекетінде болған жарылыстан бір адам қаза болды

Алматы облысы Қапшағай қаласында металл қабылдау бекетінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін Қапшағай қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан металл қабылдау бекетінде жарылыс болды. Қайғылы оқиға белгісіз затты дұрыс пайдаланбау салдарынан болған. Оқиға кезінде бір адам қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Қала тұрғындарының сабыр сақтауын өтінеміз", – деп хабарлады қала әкімдігінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу