Әлеуметтік желілерде Қапшағай қаласының полицейлері жасаған заң бұзушылық туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Желідегі деректерге сәйкес, 11 тамызда Қапшағай полиция бөлімінің төрт қызметкері мас күйінде Del Mar кафесінің күзетшілеріне барып тисе бастаған. Кейін олар бір тәртіп сақшысын ұрған. Артынша полицейлердің бірі күзетшілерді автоматпен қорқытқан.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі осы дерекке қатысты түсініктеме берді.
"Бұл факті бойынша кадрлар бөлімі ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерімен бірге қызметтік тергеу жүргізуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылады. Кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады және ішкі істер органдарынан босатылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.