Қапшағайда суға батқан екі бала құтқарылды

184

2012 және 2009 жылы туған балалар өз бетімен жағаға жүзіп жете алмаған.  

Қапшағайда суға батқан екі бала құтқарылды Фото: freepik.com

26 маусымда 7-қалалық жағажайда патруль жүргізу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта қауіпсіз аймақтан асып кеткен екі баланы байқап, дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарының көмегімен балаларды жағаға дін аман алып шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • Балаларды су жанында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайық, катамаран, SUP-бордпен жүргенде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
  • Ауа райының өзгерісі мен желдің күшін бақылап отырыңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу