Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті

1216

Қапшағай су қоймасында Үндістаннан келген 23 жастағы студент суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті

"7 шілдеде сағат 14:50 шамасында Қапшағай су қоймасында 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті, Үндістан Республикасының азаматы", – деп жазылған департамент хабарламасында.

Алматыдан келген студенттер тобы су қоймасының жағажайында демалған. Олар құтқарушылардың ескертулеріне құлақ аспай жағадан алыс жүзіп кеткен. Салдарынан студенттердің бірі батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шыққан.

Еске саламыз, өткен айда Түркістан облысы Ақсу өзеніне екі үндістандық студен батып кеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу