Қапшағайда жел стансасы іске қосылды

1506

Қапшағайда жел стансасы іске қосылды

Қапшағай қаласында ҚР Үкіметінің "Жаңартылатын энергия көздерін дамыту" бағдарламасы аясында "Аннар" ЖШС-ның қуаттылығы 5 МВт-ты құрайтын жел электрстансасы жұмыс істей бастады.  

Қапшағайда жүзеге асқан жобаға "Аннар" ЖШС 1 млрд 440 млн теңгенің инвестициясын салған. Шаһарда суэлектр стансасы 1970 жылдан бері жұмыс істеп келе жатса, 2014 жылы қуаты 2 МВт болатын күн стансасы іске қосылған болатын. Енді олардың қатары жел электр стансасымен толықты. Жел электр стансасының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп. Ол көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, әсіресе қоршаған ортаны ластанудан сақтайды.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасы қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығына тәуелді болмақ. Биіктігі 44 метрді, турбина қалақшасы 58 метрді құрайтын жел электр стансасы тәулігіне 60-70 мың кВт электр қуатын өндіріп, оның өнімі АЖК жүйесіне беріліп, оны "Қаржы есептеу орталығы" ЖШС сатып алатын болып уағдаласқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу