Қапшағай су қоймасында желкенді спорттан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ел чемпионатына 50 спортшыдан құралған төрт команда қатысуда.
Атап айтар болсақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан және Алматы облысының спортшылары біріншілік жүлдесіне таласпақ.
"Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 8 қазан күні анықталады. Чемпионат қорытындысы бойынша еліміздің жастар құрамасын жасақтаймыз. Әрі қарай спортшылар халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысады", - деді бас бапкер Олег Кулавицкий.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу