Қапшағайдағы кафеде төбелес шығарған полиция қызметкерлері қызметінен босатылды

1179

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, сонымер қатар олардың тікелей басшылары жауапқа тартылуы мүмкін.   

Қапшағайдағы кафеде төбелес шығарған полиция қызметкерлері қызметінен босатылды

Қапшағай кафелерінің бірінде төбелес шығарған полиция қызметкерлері қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сонымен қатар, топтық төбелес бойынша Қылмыстық кодекстің 293 -бабының екінші бөлігі "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек оқиғаға қатысты тұлғалардың барлығы анықталған.  Қол астындағы қызметкерлерінің мұндай әрекетке баруына жол бергег тікелей басшылар да жауапқа тартылуы мүмкін.

 "Полиция қызметкерлерінің мұндай оқиғаға қатысуы - шектен шыққан факт, сондықтан олар ішкі істер органдарынан шығарылды. Олардың әрқайсысының кінәсі қылмыстық істі тергеу кезінде анықталды. Қол астындағы қызметкерлерінің мұндай әрекетке баруына жол бергег тікелей басшылар да қызметтік тергеу нәтижелері бойынша жауапқа тартылады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу