"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және "Egis International" (Франция) бірлескен кәсіпорны және "CS Consultant" ЖШС (Қазақстан) жөндеу жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалау қызметін көрсету туралы келісімшартқа қол қойды. Аталған учаскедегі мердігер де айқындалып қойған.
Келісімшарттың талаптарына сәйкес, инженерлер тобы 10 адамнан тұрады. Қазір топтың толық құрамы құрылыс учаскесіне жиналған.
Айта кетерлігі, Egis International 2011 жылғы 1 шілдедегі EGIS bceom International және Egis Route еншілес компанияларының халықаралық тасымалдар саласындағы халықаралық инженерлік қызметінің бірігу нәтижесінде құрылған. Egis International екі инжинирингтік компанияның тәжірибесіне сүйенеді.