Қапшағайдан пневмония таяқшалары табылғандығы туралы ақпарат жалған

832

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қапшағайдан пневмония таяқшалары табылғандығы туралы ақпарат жалған

Мессенджерлерде "эпидемиологтар Қапшағай су қоймаларынан сынама алды. Барлығында пневмония таяқшалары табылған" деген аудиожазба тарауда. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жоққа шығарды. 

"Қапшағай қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясын қоздыратын заттардың бар-жоғын анықтау үшін суды талдауға алмағанын хабарлайды. Коронавирусты анықтау үшін инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікті азаматтардың және профилактикалық мақсатта адамдардың мұрнынан биологиялық материал алынады. Сондай-ақ Қапшағай қалалық басқармасы аймақтағы су қоймаларынан жыл сайын мамыр-қыркүйек аралығында тырысқақ вибрионы, А вирустық гепатиті, энтеровирус анықтау үшін талдау алады", – деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу