Қапшағайдың жағасына медициналық қалдықтарды кім тастап жүр

1108

Қапшағай қаласының "Шығыс" ықшам ауданының жанында тамырға салатын инелер мен қолданылған медициналық дәкелер бар қоқыс үйіндісі табылды. Осындай жаңалықпен жергілікті қала тұрғыны  Шамаева Марианна өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

Қапшағайдың жағасына медициналық қалдықтарды кім тастап жүр

Оның айтуынша медициналық қалдықтар табылған маңда балалар ойнайды. Сондықтан ол мұндай жайттың орын алуы адам денсаулығына аса қауіпті деп дабыл қақты. Желідегі ақпаратпен бөліскен қала тұрғындары да қоқыс үйіндісіне жиналған су Қапшағай су қоймасына ағып, экологияға кері әсерін тигізеді, сондай-ақ, айналаға індет таралуы мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірді. 

Осы жағдайға қатысты Қапшағай қаласы әкімінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. 

"Қоқыс үйіндісі табылған сәттен бастап қаланың тұрғын үй коммуналдық және өңірлік коммуналдық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына шығып, фото-бейне тіркеу және медициналық қалдықтарды жинау жұмыстарын жүргізді. Аталған медициналық қалдықтар талаптарға сәйкес толықтай жойылды",- деп жазылған хабарламада. 

Ал Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы медициналық қалдықтардың Қапшағай қалалық ауруханасына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Аурухана жыл сайын арнайы ұйыммен келісімшарт жасайды. Қазір ол мекеме медициналық қалдықтарды аптасына үш рет утилизациялау бойынша қызмет көрсетеді", - деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы құқық бұзушылықты жасағандарды анықтау шараларын жүргізуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу