Қапшағайға батып кете жаздаған 15 және 16 жасар екі қыз құтқарылды

569

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында екі қызды қаман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қапшағайға батып кете жаздаған 15 және 16 жасар екі қыз құтқарылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 10 шілде күні сағат 15:10 шамасында болған.

Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы осы уақытта Қапшағай су қоймасындағы №7 қалалық жағажайды патрульдеп жүрген.

Соның барысында жағалаудан 30 метр қашықтықта 2007 және 2006 жылы туған балалар құтқарылған.

"Қыздар көлдің терең жеріне барып, бата бастады. Құтқарушылар қыздарды қауіпсіз жағалауға эвакуациялады. Балалар медициналық көмекті қажет етпеді", – делінген ТЖД хабарламасында.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу