Қапшағайға қанша инвестиция тартылды?

1129

Инвестиция – қалалар мен өңірлердің өркендеуі мен дамуының басты көзі.

Қапшағайға қанша инвестиция тартылды?

2021 жылғы қаңтар-қарашада Алматы облысы Қапшағай қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция 44,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,7%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2020 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 36,1 млрд теңге еді, бір жылда плюс 29,4%.

Қапшағайға құйылған инвестиция жылдан жылға артып келеді. Қала инвесторлар үшін тартымды бола түсуде. Осылайша, соңғы 5 жылда инвестиция көлемі (2016 жылдан 2020 жылға дейін) бірден 1,7 есе немесе 150,9 млрд теңгеге дейін өсті. 2010 жылдан 2015 жылға дейін бұл көрсеткіш 88,6 млрд теңге болған.

Қапшағайдағы күрделі инвестицияның 44% HoReCa саласына бағытталды (19,7 млрд теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 90,9%-ға артық.

Жетекші салалардың үштігіне өңдеу өнеркәсібі (6,2 млрд теңге, бір жылда плюс 2,4%), көтерме және бөлшек сауда, көлік жөндеу (5 млрд теңге, бір жылда плюс 62,3%) енді.

2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын сәйкес Қапшағайға инвестциялық қолдау арта түседі.

Болжамға сәйкес, салымдар 2021 жылы – 26,5%, 2022 жылы – 6%, 2023 жылы – 7,2%, 2024 жылы – 7,5%, 2025 жылы – 8% ұлғаюға тиіс.

Қапшағайға күрделі салымдардың артуы қаланың экономикалық және әлеуметтік өміріне оң әсер етеді. Мысалы, жылдан жылға қалада жұмыссыздар саны азайып келеді. 2020 жылы қалада жұмыссыздар саны 1,4% немесе 1 509 адамға дейін азайған. 2019 жылы көрсеткіш 1 530 адам (бір жылда минус 6,5%), 2018 жылы – 1 636 адам (минус 2,4%), 2017 жылы – 1 677 адам (минус 4%) болды. 

Сондай-ақ қапшағайлықтардың еңбекақысы өсіп жатыр. 2021 жылғы үшінші тоқсанда қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 187,9 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артық. 

2020 жылы бұл көрсеткіш 168,7 мың теңге еді (бір жылда плюс 27,1%), 5 жыл бұрын 101,8 мың теңге болған.

2025 жылға қарай қаладағы жалақы оршата есеппен 195 мың теңгеге дейін өсуге тиіс.

Дәурен Ерболат

Фото: unison.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу