Астрахан облысындағы Капустин Яр Мемлекеттік орталық түраралық полигонынан Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің жауынгерлік есебімен жылжымалы топырақ зымыран кешенінің құрлықаралық баллистикалық зымыраны сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл ұшыру стратегиялық мақсаттағы жаңа зымыран кешендерін әзірлеу кезінде қолданылатын схемалық-конструктивті және техникалық шешімдердің дұрыстығын растауға мүмкіндік берді.
Зымыранның оқу жауынгерлік бөлігі берілген дәлдікпен Сары-Шаған полигонындағы (Қазақстан Республикасы) шартты нысанаға тиді. Сынақтың барлық міндеттері толығымен орындалды.