Қар барысы Қырғызстанның ұлттық символы болып бекітілді

162

Логотип елдегі барлық ресми іс-шараларда қолданылмақ.   

Қар барысы Қырғызстанның ұлттық символы болып бекітілді Фото: AKIpress

Қар барысы Қырғызстанның ұлттық символына айналды. Енді оның логотипі мемлекеттік деңгейде қолданылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АКИpress-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Биоресурстар басқармасы жануарлар әлемі бөлімінің меңгерушісі Эркинбек Мамаев "Биринчи радио" эфирінде мәлімдеді. Бұған дейін Қырғызстанда "Қырғыз Республикасының ұлттық символы ретінде қар барысына  мәртебе беру туралы" қаулы жобасы ашық талқылауға ұсынылды.

Қар барысы елдің табиғаты мен мәдениетінің ұлттық символына айналды. Осы мақсатта арнайы логотип әзірленген. 

Қырғызстан Табиғат ресурстары министрлігі бұл құжаттың қабылдануы елдің табиғатты сақтау мен сирек кездесетін жануарларды қорғау бағытында жұмыс істейтін мемлекет ретіндегі имиджін нығайтатынын атап өтті.

Басында дизайнерлер қар барысы логотипінің 5 үлгісін әзірлеген. Кейін Президент әкімшілігі 3 нұсқаны іріктеп алған. Бүгінгі таңда солардың ішінде бір нұсқа мақұлданды.

Эркинбек Мамаевтың сөзінше, логотип елдегі барлық ресми іс-шараларда қолданылмақ.

Болашақта бұл логотип ұшақ борттарында бейнеленуі мүмкін екені де айтылды. Сондай-ақ, ресми баннерлерде және естелік тауарларда да қолданылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу