Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда да тұман, көктайғақ болатыны бажайланады. Қонаевта да тұман, жолдарда көктайғақ болады, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Астанада түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, сондай-ақ күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүріп, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында қар жауады, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, оңтүстікке ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысында түнде қар жауады, бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Көкшетауда түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жаяу бұрқасын жүреді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігіндең оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда да күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. , Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.