"ҚазАвтоЖол" Абай облысының жүргізушілеріне үндеу жасады

155

"ҚазАвтоЖол" Абай облысы жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолда мұқият болуды ескертті.

"ҚазАвтоЖол" Абай облысының жүргізушілеріне үндеу жасады Фото: canva

Ұлттық компания  1 қараша күні сағат 20:00-ден 5 қараша күні сағат 20:00-ге дейін аймақта дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"4 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіліп отыр. 5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 5 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" тұрғындардан жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу