Қар, көктайғақ, тұман: ТЖД ауа райына байланысты ескерту жасады

900

Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылады. 

Қар, көктайғақ, тұман: ТЖД ауа райына байланысты ескерту жасады

22 қазан күні Алматыда қатты жауын-шашын түсіп, жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, тұман болады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

“22-23 қазанда – тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа райы нашарлаған жағдайда Алматы қаласы ТЖ департаменті автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге өте мұқият және сақ болуға шақырады. Көктайғақ жағдайында трассада қауіпсіз жылдамдық режимін сақтаңыз, сондай-ақ жолда маневр жасаған кезде өте сақ болыңыз. Мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпаңыз”, – деп жазылған хабарламада. 

Қазгидрометтің хабарлауынша Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. 

“Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл соғады”, – деп жазылған Қазгидромет таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу