Қар көшкіні болуы мүмкін: Алматы облысының тұрғындарына ескерту жасалды

139

Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қар көшкіні болуы мүмкін: Алматы облысының тұрғындарына ескерту жасалды Фото: canva.com

Алматы облысының тауларында 23-26 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, – деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Айгерім Қанабекқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу