Қар көшкінінен зардап шеккендер әскерилердің жағдайы қалыпты – Денсаулық министрі

1294

Қар көшкінінен зардап шеккендер әскерилердің жағдайы қалыпты – Денсаулық министрі

Қазақстанның оңтүстігінде таудағы қар көшкінінің астында қалып, аурухана түскен 10 әскеридің жағдайы қалыпты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.

"Әскерилердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы бізге күнде хабарланып отыр", – деді Елжан Біртанов бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәліметі бойынша, дәл қазіргі уақытта ауруханада қар көшкіні салдарынан зардап шеккен 10 әскери жатыр.

 "Екі әскери Алматыға ауыстырылды. Олар жағдайы жақсарған соң ауруханадан шығады", – деді министр.

17 ақпан күні Жамбыл облысындағы Көксай тау шатқалында таулы аймақтағы қорықшы полкі әскерилерінің жоспарлы жауынгерлік дайындығы кезінде  кенеттен қар көшкіні болды. Дайындыққа 23 адам қатысып, оның жетеуі қайтыс болды. 

Қайғылы жағдайды тексеру барысын премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тікелей өз бақылауына алды. Үкіметтік комиссияға Сәкен Жасұзақов жетекшілік етеді.

Әскерилердің қаза болу оқиғасына қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 453-б.2-т бойынша сотқа дейін тергеу жұмысы басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу