Қыс басталғалы Астана көшелерінен 270 мыңға жуық рейс қар шығарылған

401

Түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 300-ге жуық жол жұмысшысы, 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. 

Қыс басталғалы Астана көшелерінен 270 мыңға жуық рейс қар шығарылған Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қардың көп мөлшерде жауғанына байланысты қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр.

4 ақпан күні елордадан 45 мың текше метрден астам қар немесе 3 364 жүк рейсі шығарылды.

Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3 659 196 текше метр қар, 269 753 жүк рейсі шығарылды.

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Полигондар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған.

Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5 ақпанда Астанада қар жаумайды, күн бұлтты болады деп күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде -7-9 аяз, күндіз -1-3 градус болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу