Кар-Тел жаңа izi мобильдік операторын іске қосты

1325

Бұл – "Кар-Тел" ЖШС-ның ішіндегі өзі жасаған стартап. 

Кар-Тел жаңа izi мобильдік операторын  іске қосты

"Кар-Тел" ЖШС барлық қызметті тек онлайн көрсететін  izi цифрлық мобильді операторды іске қосты, деп жазылған оператор сайтында.          

"Біздің "Кар-Тел" ЖШС компаниямыз жақында Beeline брендінен басқа жаңа мобильдік байланыс  izi-ді іске қосты. Брендке қатысты барлық құқық, оның атымен байланысты барлық  өнім мен қызмет "Кар-Тел" ЖШС-ға тиесілі",– деп  "Интерфакс-Қазақстанға"  Beeline баспасөз қызметі   хабарлады.      

Баспасөз қыметінің хабарлауынша, мобильдік операторды пилоттық іске қосу 2019 жылғы 19 маусымда өткен.  Іzi  ақпарына сәйкес, қазір оператор бета-тестілеу сатысында.      

"Бұл – "Кар-Тел" ЖШС-ның ішіндегі өзі жасаған стартап. Іzi цифрлық мобильдік операторын әзірлеумен айналысып жатқан команда  толығымен дербес және өзінің жеке өнімдерін жаңа атаумен шығарады",  – деп нақтылады  Beeline агенттіктің берген жауабында.

Оператордың мәліметінше, қызметтер (интернет, қоңырау шалу және SMS) ай сайынғы абоненттік төлемсіз және жарамдылық мерзімінсіз ұсынылады. 

"Жарамдылық мерзімінсіз. Гигабайттар, минуттар мен хабарламалар күйіп кетпейді. Ай сайынғы абоненттік төлемсіз. Пакет біткен кезде. Ол автоматты түрде қайта қосылады да, баланстан пакет құны алынады", – деп айтылған ақпаратта.          
Қызмет көрсететін кеңселердің орнына мобильді қосымша қолданылады,   call-орталықтардың орнына қолдау чаты болады.        

Beeline Қазақстан компаниялар тобына  "КаР-Тел" ЖШС,  "2DayTelecom" және "TNS Plus" ЖШС кіреді.
18,4 млн халқы бар Қазақстан аумағында  GSM стандартындағы: Kcell, "Кар-Тел" және "Мобайл Телеком Сервис" үш мобильді операторы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу