Қар, тұман, көктайғақ: Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

111

20 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар, тұман, көктайғақ: Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: canva.com

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бүрқасын күтіледі.Областың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, областың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндіз көктайғақ күтіледі. 

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Күндіз көктайғақ күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу