Қар түскенде жол жөндейміз

838

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай орашолақтықтан арыла алмай отырғанымызды айтты.

Қар түскенде жол жөндейміз

Спикер "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңнаманы мақұлдау барысында жол саласына қыруар қаржы жұмсалып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жасыратыны жоқ, бәріміз қар түсіп кетсе де, жол жөнделіп жатқанын көріп жүрміз. Кейде бір жыл өтпей қайтадан жөндеп жатқанын байқаймыз. 
Бұл ненің көрсеткіші? Біріншіден, сапалы конкурс өткізу үшін, сапалы компания табу үшін уақыт жетіспейді. Екіншіден, барлық жұмыс асығыс атқарылады. Салдарынан ешқандай сапа болмайды. Ал бюджеттен қанша ақша кетіп жатыр. Өткен айда бұл туралы Президент те айтты. Бұған дейін 140 млрд. Тағы да берейін деп отырмыз", – деді мәжіліс төрағасы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу