"Қар, жаңбыр, шаңды дауыл": Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

212

11 сәуірде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қар, жаңбыр, шаңды дауыл": Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды Фото: Городской репортер

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал.  Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда аракідік жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың тау асуларында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман тұседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.
Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні  15-20 м/с құрайды. Қызылордада күннің соңында найзағай ойнап, күн бұзылады деп күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Семейде таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда түнде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу