Болжам бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Әсіресе республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Айдың аяғына қарай республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын жауып, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
"Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – деді метеорологтар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу