"Қар жауып, көктайғақ болады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

206

 Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. 

"Қар жауып, көктайғақ болады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады Фото: 1obl.ru

Қазгидромет еліміз бойынша 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумақтары солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Салдарынан ауа райының тұрақсыздығы туындайды. Қар жауып, республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын болады.

Елдің оңтүстігінде ғана антициклон әсері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел болады. Елдің батысында көктайғақ болжанып отыр. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3-15 градус аязға дейін, күндіз 6-5 градус болады. Елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу